0:00 / 0:00
Казталов ауданында 522 адам баспана кезегінде тұр. Ауданда «Қаладан-ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Жыл басынан 14 жанұя көшіп келген. Отбасы мүшелері тұрақты жұмыспен қамтылып, мектеп жасындағы 24 бала мектепке, 25 бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымға орналастырылған. Биыл 140-тан астам әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға арнап баспана сатып алу жоспарланған. Бұл мақсатта 2 млрд 201 млн теңге қаражат бөлінген. Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың айтуынша, бүгінде 42 үйдің құрылысы аяқталып, келісімшарт жасалған.
АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 885 млн теңге қаражат бөлініп, Бостандық, Қараоба ауылдарының ауылішілік жолдарын қайта жаңарту жобалары іске асуда. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 305 млн теңге бөлініп, Қайыңды және Жалпақтал ауылдарының ауылішілік жолдары қайта жаңартудан өтеді. Жол құрылысы 2025 жылы жалғасады.
АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Казталов ауданында жарықтың жиі сөнуі өзекті мәселенің біріне айналған. Электр желілері 80 пайызға ескірген. Күні бүгін электртаратушы желілердің ұзындығы 2731 шақырым, бағана саны 39 мыңнан асады. Электр желісінің 2,5 шақырымы, бағананың 36 мыңнан астамы және 388 толық трансформаторлық қосалқы станцияның 40-ы жаңартуды қажет етеді.
АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл ауданда 3 бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олар - Саралжын ауылында 60 орындық мектеп, Қайыңды ауылында 150 орындық мәдениет үйі және Казталов ауылында 320 орындық спорт кешені. Аудан басшысының айтуынша, Казталовта үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Алайда 7 оқу ордасы апатты деп танылған. Аудан халқы 100 пайыз газбен, 90 пайыз ауыз сумен қамтылған.