Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАЗТАЛОВТА 100-ДЕН АСА ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

c 15:47, 23/07 c 45

0:00 / 0:00

Казталов ауданы - ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақ. 100-ге жуық шаруашылықта асыл тұқымды мал өсірілуде. Биыл ірі қара 17 пайызға, қой мен ешкі 3 пайызға, жылқы 20 пайызға, түйе саны 15 пайызға өскен. Мал азығын дайындауда 136,8 мың гектар жер шабылып, одан 60 мың т шөп жиналған. Бүгінде жинақталған мал азығы 107,6 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 47 мың т өткен жылғы қордан қалған. Аудан басшысы Асланбек Сарқұловтың айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, ата кәсіппен шұғылданушылар саны артты.

АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ

КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудан көлемінде халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде 28 ауылда 116 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жалпы баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны 500-ге жуықтайды. Әр округтегі тұрғын үй құрылысын ескерсек, жыл соңына дейін мұқтаж отбасылар баспаналы болмақ. Сондай-ақ Қазталов ауданы «Қаладан-ауылға» пилоттық жобасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. Аталмыш жобаға 8 елдімекен таңдалған. Оның аясында 16 отбасы қаладан ауылға қоныс аударады.

АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ

КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Барлық елдімекен 100 пайыз табиғи газ тұтынады. Ал 47 елдімекеннің 27-сі таза ауыз сумен жабдықталған. 15 ауыл 2G, 14 ауыл 3G, 16 ауылда 4G мобильді интернет қолжетімді. 4 ауыл ұялы байланыссыз және мобильді интернетсіз отыр. «Бүгінде аудан үшін өзекті мәселенің бірі - жарықтың жиі өшуі»,- дейді Асланбек Сарқұлов. Бұл бағытта электр желілерін жаңғырту жұмыстары басталды.

АСЛАНБЕК САРҚҰЛОВ

КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

2024 жылы медициналық ұйымға 8 дәрігер, 11 орта буын қызметкері қызметке орналасқан. Десе де, денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесі бар. Екі ауруханаға 9 дәрігер қажет. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 60 маманға 22 млн тг көтерме ақы, 25 маманға 206 млн тг бюджеттік несие берілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.