Петропавлда қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің бастығы сотталды. Сотталған азамат делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен бұрынғы Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, оған 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші 20 млн теңге, ал делдалға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
СУРЕТ https://pkzsk.info/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ