Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанға мектептерді ашу ұсынылды

c 09:52, 02/06/2021 c 316

0:00 / 0:00

ЮНИСЕФ Қазақстанға жаңа оқу жылында мектептерді ашуға ұсыным берді. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бірінші қыркүйекте барлық оқушы дәстүрлі форматқа оралуы керек деді. Бұл жайында ол үкіметтің онлайн отырысында айтты. ЮНИСЕФ өкілінің мәлімдеуінше, пандемия кезінде әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да баршылық.

Әлемді жалмаған ковид індеті балалардың білім алуына үлкен кедергі жасады. Пандемия кезінде қашықтан оқытуға бәрі бірдей дайын болмады. Қазақстанның білім саласы түгілі, денсаулық саласы қауіпті індеттен емдей алмай, адам шығыны орын алды. Індеттің таралуын азайту мақсатында қабылданған қатаң карантинде оқушылар үйде отырып, онлайн оқуға машықтанды. Қазақстандық оқушылар бірден интернет сапасының нашарлығына тап болды. Цифрлы елде қарапайым интернет байланысы дұрыс болмай, қашықтан оқытуда мұғалімдер біраз әбігерге түсті. Бір жарым жыл бойы қашықтан оқыған балалардың білім сапасы үлкен сұрақ тудырады. Оның салдарын алдағы он жылда көреміз. Біздің елде бизнестің жұмысы қайта жанданды. Сауда үйлері, кинотеатрлар, театрлар, фитнес клубтар, спорт кешендерінің есігі ашық, жұмыс жүріп жатыр. Тек мектептер ғана оқушыларды толыққанды дәстүрлі оқыту форматына көшіре алмады. Алдағы жаңа оқу жылында балалар мектеп табалдырығын аттайды деген үміт бар. ЮНИСЕФ Қазақстанға 1 қыркүйектен мектептерді ашуға ұсыным берді.

Артур Ван Дизен –  БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ)  қазақстандағы  өкілі "ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуға тиіс. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар»

Бұл орайда халықаралық ұйым өкілі еліміздің білім министрлігіне панедмияның салдарын жою үшін шұғыл шара қабылдау қажеттігін айтты.Білім алуда жіберілген олқылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізуді ұсынды. Оның нәтижесі бойынша әрбір оқушыға жеке көңіл бөліп, білімді толықтыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, сынақтан өткізуге кеңес берді. Өз тарапынан ЮНИСЕФ мұндай бағдарламаларды дайындауға және тестілеуге көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушылардың мектепке оралуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады дегенді.  Сондай-ақ, үкімет отырысында Артур ван Дизен мырза Қазақстанда ата-ана қамқорысыз қалған балалар мәселесін көтерді. Бүгінде еліміздегі интернаттарда 50 мыңға жуық тәрбиеленуші бар.

Артур Ван Дизен –  БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ)  қазақстандағы  өкілі «Әр бала отбасында өскенін қалайды. Қазақстанда ата-ана қамқорысыз қалған 50 мыңға жуық бала әртүрлі мекемелерде, интернанттарда тәрбиеленіп жатыр. Еуропа пен Орта Азия елдері арасында Қазақстан бұл көрсеткіште бірінші орында тұр».

ЮНИСЕФ өкілі мемлекет жетім балаларды қорғау, олардың толық отбасында өсуіне жағдай жасауы қажет дейді. Өз кезегінде білім министрі,елде балалар үйінің саны азайғанын айтып ақталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.