Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДЕ ҚҰЛДЫҚҚА ТҮСІП ЖАТЫР

c 20:29, 17/01/2023 c 88

0:00 / 0:00

Шетелге жұмыс істеуге кеткен қазақстандықтар құлдықтың құрбаны болып жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, шетелге табыс табу мақсатымен барғандар халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтың алдап-арбауына түсіп қалған. Оңтүстік-Шығыс Азияда Тайланд, Мьянма және Лаос елдерінің шекарасындағы «алтын үшбұрыш» аймағына құлдыққа тап болғандар мәселесі министрлік назарында. Бұған дейін хабарланғандай, екі қазақстандық еңбек құлдығына тап болған. Олар өткен жылы желтоқсанның соңында Таиландтағы елшілік арқылы байланысқа шықты. Жоғалған азаматтардың ата-анасы сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. Бұл алғаш жағдай емес. Бұған дейін бір азаматшамызға көмектесе алдық дейді ресми өкіл. Онда тек Қазақстан емес, басқа елдердің де азаматтары бар көрінеді. Аталған екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда жоғалған екі азаматтан қазір хабар жоқ. Айбек Смадияровтың айтуынша, ол азаматтар бойынша жұмыс жалғасуда. Тайланд, Мьянма елдерінің Сыртқы істер министрліктерімен байланыста.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.