0:00 / 0:00
Қазақстанда 2,5 мың электронды білезік енгізілді. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады. Бұған қоса қазақтандық түрмелер лық толы. Сол себепті ішкі істер министрлігі жаңадан түзету мекемесінің құрылысын бастау туралы ойланып жатыр.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті сотталғандарға арналған электронды білезіктерді сатып алғанша, жалға алу әлдеқайда тиімді,- дейді. Олар шетелдік тәжірибені негізге алған. Электронды білезікті зауыттан алып алса, кепілдік қызметіне кірмейтін бөлшегінде ақау болуы мүмкін.
Жәнібек Баймағанбетов, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары:
-Қазіргі таңда 2500 білезік енгізілді. Пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандардың қай жерде жүргенін онлайн режимде бақылай алады. Арнайы платформада жүріп-тұрудың тарихы жазылады. Ол жазба 2 жылдай сақталады. Егер сотталған азамат ереже бұзса, тиісті шараларды қабылдайды,-дейді.
Толыққанды бейнебақылау секілді жобаларды іске асыру үшін 3 жылда қазынадан 8,5 млрд теңге жұмсалған. Ай сайын бір электронды білезіктің жалға алу құны 14 800 теңгені құрайды. Түзету мекемесінде бір сотталған адам үшін күніне 7500 теңге жұмсалады. Ал білезіктің тәулік құны 500 теңге. Осылайша, бір жылда 2 млрд қазына қаржысы үнемделген.
Жиында адамға толы түрме мәселесі талқыланды. Соңғы жылдары түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген жандардың саны 7 мыңға артқан. Сол себепті кейбір түрмелер лық толы. Мысалы, 16 абақтыда 7,5 мың қазақстандық жазасын өтеуде. Сол себепті бірнеше өңірде түзету мекемесі мен тергеу изоляторлары салынбақ.
Теңізжан Жәнібеков, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы:
-Жыл соңына дейін блоктарда 1200 орын болады. Біздер оларды 4 өңірге орналастыра аламыз. Бұған қоса, 2025 жылы қаржыландыру болса, Маңғыстау облысында құрылысты бастаймыз,-дейді.
Жалпы ел аумағында 78 түзету мекемесі бар. Түрмелерде 37 мың сотталған жазасын өтеуде.
Сурет https://stan.kz/ сайтынан жүктелді.