Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда «Киік» акциясы басталды

c 17:32, 04/12/2020 c 837

0:00 / 0:00

Сұмдық сандар. Бұл тек Батыс Қазақстан аумағында болған жағдай. 2019 жылғы санақ бойынша өңірімізде 217 мың бас киік тіркелген. Ақбөкенді қорғаушылардың тынымсыз жұмыстарының арқасында киелі жануарларлың саны едәуір артыпты. Оларды сақтау мақсатында мемлекеттік табиғи резерв пен қорық аумағын құру мәселесі қаралуда. Бастысы-браконьерлікпен күрес шаралары күшейтілді. Оған дәлел жыл соңына дейін жалғасатын дәстүрлі «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы. Аталмыш акция Батыс Қазақстаннан бөлек, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өткізіледі.

Осы кезге дейін броконьерлік қылмысы дәлелденген адамның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қазір жаза мерзімі 10 жылға дейін артты. Киелі жануарды тәулік бойы 5 топ күзетеді. Бір топта 6 инспектор бар, әр киік қорғаушы топ 40 мың гектар жерді барлайды. Кезек 15 күн сайын ауысып тұрады. Шара барысында инспекторлар көліктерді тексерді. Жол талғамайтын темір тұлпардың көмегімен адам аяғы бармайтын аймақтар барланды.

Ақбөкендердің саны артуына қатысты тұрғындар тарапынан наразылық та жоқ емес. Басты себеп аша тұяқтылар жайылымдар мен шабындықтарды таптауда. Одан ірі шаруашылық иелері орасан зардап шегіп отыр. Ал жерін қоршап алуға шаруалардың шамасы келмейді.

Бұл түйткілді мәселені шешу үшін «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру мәселесін пысықталуда. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында киік атып, мүйізін пайда қылмақ болған азаматтар үстінен 37 қылмыстық іс қозғалған, алтауының қылмысы заң жүзінде қаралды. 8 адам 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотпен 62 млн 300 теңге көлемінде қаражат мемлекетке қайтарылды.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.