Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда 15-і адам індеттен көз жұмды

c 00:28, 16/04/2020 c 449

0:00 / 0:00

Соңғы күндері ел ішінде қауіпті індеттің таралуы күрт артып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, COVID-19 жұқтырғандар саны 1 мың 270  адамнан асты.  Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында бүгінгі күні 220 адам осы індеттен сауығып шықты. Өкінішке орай аты жаман аурудан бүгін Қостанай облысында тағы бір адам көз жұмды. Осылайша елімізде 15 адам коронавиурстың құрбаны болды.

Жаһанды жайлаған пандемия ел ішінде тез тарап жатыр. Өздеріңізге мәлім, денсаулық сақтау министрлігі қауіпті індеттің шарықтау шегі сәуір айының соңы, мамырдың басында орын алады деген болжам жасап отыр. Болжауынша, 2 мыңнан астам адам бұл індетті жұқтырады. Ал бүгінгі көрсеткіштің өзінде Қазақстанда аты жаман ауруды жұқтырғандар саны мыңнан асып жығылады. Әрине дәрігерлердің еңбегінің арқасында жазылып шыққандар бар. 200 аса адам сауығып кетті. Ал бүгін коронавирус ең аз тараған Қостанай облысында бір адам көз жұмды. Бұл жайында онлайн брифингке шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады.

Вячеслав Дудник – қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «Ол Жітіқара қаласының тұрғыны. Нақтырақ айтқанда 1945 жылы туған ер адам және 1955 жылғы әйел 12 сәуір күні жедел жердем көлігімен дене қызуымен, әлсіздікпен Жітіқарадағы ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға келген кездегі жағдайы орташа еді. Пациенттің айтуынша аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде байқалған. Алайда пациент медициналық ұйымға жүгінбей, өздігімен емделе берген. Зерттеулерден кейін екеуінен де коронавирус инфекциясы анықталды. 14 сәуірде сағат 18.00 шамасында 1945 жылғы ер адамның жағдайы күрт нашарлады. Ол өкпенің жасанды желдеткішіне қосылып, жансақтау бөлімінде жатты. Бірақ таңертеңгі 08.30 кезінде науқас  көз жұмды».

Алайда, басқарма басшысы Дудник мырзаның марқұм мен оның әйелінің дәрігерге жүгінбей өз бетінше емделді деген мәліметін, марқұмның жақындары жоққа шығарып отыр.Біз мәселенің мән-жайын білу үшін Қостанай облысының Жетіқара ауданында тұратын қызы Алмагүл Тұяққа хабарласқан едік.

Алмагүл Тұяқ – марқұмның қызы; «Сәлеметсіз бе!  Иә, біз 11-і  сәуір күні жедел жәрдем шақырдық. Бірақ ауруханаға алып кетпеді. Бұл коронавирус емес  ОРВИ деді. Үйде емделе беріңіздер. Көбірек су ішіңдер. Ал дүйсенбі күні үйге дәрігер шақыртыңыздар деген кеңес берді жәдел жәрдем дәрігері. Әкеміз ешқашан дәрі ішпеген адам. Денсаулығы жақсы болатын.Екеуінің де ыстығы көтеріле бастаған соң, біз бұл вирус екенін түсініп, даурығып бастадық. 12 сәуір тағы да жедел жәрдем шақырып,тек сонда ғана ауруханаға алып кетті».

Қазір марқұмның әйелі яғни  екінші науқас  Жітіқарадағы инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдай орташа деңгейде дейді өңірлік басқарма басшысы. Ал  олармен байланыста болған қыздары  Алмагүл де 16 жасар баласымен стаицонарда жатыр. Олар  қауіпті індетке тест тапсырдық дейді. Тек тест қортындысы екі күннен ғана белгілі болады екен.  Бүгінгі күні Қазақстанда аты жаман індеттен барлығы 15 адам қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.