Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА 100 ПОЛИГОН САЛЫНАДЫ

c 09:08, 23/10 c 1

0:00 / 0:00

Жылдан жылға қоқыс полигондарының саны артуда. Қалдықтарды сұрыптап, оын қайта өңдеу мәдениетіне әлі де үйрене алмай жатырмыз. Бүгінде Қазақстанның аумағында 43 миллиард тоннаға жуық қоқыс жиналған, оның тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Адамдардың күнделікті қолданатын өнімдерден қалған қалдықтардың 95 пайызы не арнайы қоқыс полигондарында, не апатты қоқыс тастайтын жерлерде жиналады. Жыл сайын тұрмыстық және өнеркәсіптік қоқыс көлемі артып келеді. Ауыл сырты қоқысқа толып жатса, ірі қалалардың да шетінде құрылыс пен басқа да қалдықтарды жиі кездестіресің. Ал дамыған елдерде қоқыс жинау мәдениеті әлдеқайда дамып, әр адам оны сұрыптауды үйінен бастайды. Еліміздің бас экологы полигондардағы жағдай мәз емес екенін мойындап отыр. Қоқыс көп жиналып жатқандықтан, тағы 100 полигон салынбақшы.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Бүгінде елдегі полигондарда 100 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жатыр. Жылда 400 млн тонна қоқыс жиналады. Басты мәселе- оны жинап, сұрыптап, қайта өңдеу керек. Бұл экономика, бұл жұмыс орны. Полигондарды реттеу керек. Қазір полигондардағы жағдай нашар»

Көптеген жұмыс істеп тұрған полигондар қазірдің өзінде өз мүмкіндіктерін сарқып, орасан зор қалдықтар ағынын көтере алмай отыр. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер саны да артуда. Себебі Қазақстанда қоқысты бөлек жинау мәдениеті жоқ. Егер осылай жалғасатын болса, онда бұл қарқынмен бізге таяу болашақта «қоқысқа тұншығып қалу» қаупі төнеді. Ешбір жерде тақтайша немесе билборд жоқ. Батареяларды немесе сынап шамдарын ортақ қоқысқа тастауға болмайтынын біле тұра, оны бөлек тасатйтын жәшік қойылмайды. Ал бұл өте қауіпті. Қоқыс полигондарын өртеу кезінде ауаға улы сынап буы тарайды. Жаңбырмен бірге сынап еріп, жерге енеді, содан кейін біз жейтін өсімдіктерді, жануарларды, балықтарды зақымдай отырып, жер асты суларына түседі! Сынап адам ағзасына сіңсе, шықпайды. Ол бауыр мен бүйректі біртіндеп зақымдайды.
Ауаның ластану деңгейі бойынша 118 елдің ішінде біздің ел 23-орында тұр. Бүгінде 2 миллионға жуық қазақстандық ауаның ластану деңгейі жоғары жағдайда өмір сүруде.

Дүниежүзілік банктің зерттеулеріне сәйкес, Қазақстандағы ауаның ластануынан жыл сайын 10 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын қайтыс болады. Республикада шығарындылардың 56% -ы Қарағанды және Павлодар облыстарына тиесілі. Тыныс алу органдары ауруларынан, жүректің ишемиялық ауруларынан және инсульттерден 100 мың адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы Қазақстанда көш бастап тұр. Елде қоршаған ортаны ластаушылар көп. Тізімге тау-кен, металлургия, мұнай өндіру кәсіпорындары, химия комбинаттары, 10-нан астам ЖЭО кірді. Бірінші кезекте, бұл «Қармет», «Қазақмыс», ERG, «Қазмырыш» сияқты кәсіпорындар кіреді. Экологияны жақсартудың бір жолы көміроден бас тарту деп отыр экологтар. Алайда Қазақстанда баламалы энергия көзін тарту әлі де төменгі көрсеткіште.

Қазақстан ластаушыларға 10 жылдан кейін ғана жаңа қолжетімді технологияларды орнатуға рұқсат берді. Бұл уақыт ішінде ел экологиясы ластанғанына қарамастан, компаниялар эмиссия төлеуден босатылады. Бірақ ластаушы компаниялар бұл жеңілдіктерге қарамастан, халықты жоғары тарифтермен қорқытады. Қазақстанда әр 21 құбырға 1 ғана сүзгі келеді. Соған қарамастан, Экология министрлігі жыл сайын миллиардтаған доллар табатын ірі ластаушыларға 10 жылда бір рет талап қояды. Ал сүзгілер мен жаңа технологиялар ең көп дегенде 10 миллион доллар тұрады. Неліктен біз тағы 10 жыл лас ауамен тыныс алуымыз керек? Дамыған елдерінде ластаушы зауыттар құбырға сүзгіні миллиондаған долларға сатып алып, қояды. Өйткені оларда экоштрафтар өте қымбат. Одан да зауыт эко ережелерді сақтағанды жөн санайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.