Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қазақстан - туберкулезден азат ел!"

c 00:00, 11/03/2015 c 797

0:00 / 0:00

Бұл сөз білсеңіз естіген құлаққа екібастан жағымды болғанымен, әзірге әлі медицина мамандарының ұраны күйінде қалып отыр. Алайда, ұран күйінде болса да бұл орайда жасалып жатқан жұмыстар жүйелі, өкпе ауруымен ауратындар көрсеткіші жылдан жылға көбейіп емес, керісінше төмендеп келеді. Бүгін "Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" мәжіліс залында, "Облыстық туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы оздырылып, аталмыш басқосуда туберкулездің алдын алу немесе онымен күрес жүргізу жұмыстары жан жақты сөз қылынды. Жәй жөтелдің өкпеге шабуынан немесе сол өкпенің қабынуынан туындайтын, асқынса дертінің табылуы қиындайтын өкпе ауруының, бірінші кезектегі қауіптілігі ол жұқпалылығы. Аурудың таралуы жұқпалы болғандықтан, одан сақтанудың жолдарын тереңірек жұртта ұғынғандықтан, жылдан-жылға аталмыш дертпен ауыратындардың да көрсеткіші кейінгі жылдары әжептәуір төмендеп, былтырдың өзінде біздің өңірімізде 400 тұлға азапты аурудан емделген көрінед. Бұл бізге дәрігер берген дерек. Құрт ауруынан былтырғы жылда барлығы 1111 тұлға тізімде тұрса, соның 22 жасөспірімдер болса, 11 балалар. Халық аузында "Айгүл" атанап кеткен 350 орындық облыстық туберкулезге қарсы ауруханада, бүгінгі таңда 200-дің үстінде науқас, тиісті ем-домдарын қабылдап, ертеңгі күнде, меңдеген дерттерінен де құлан таза арылмақ. Осы орайда, науқастарға қандай жағдайда ота жасаланатынын сұрадық. Ауруды анықтаудың бірден-бір жолы, науқастардың уақытылы дәрігерге көрінуі екенін ескерткен ақ халаттылар, қазірде қолдарында заманауи үлгідегі, дерттен лезде дерек білдірер аппараттар барын айтады. Сол әдістердің көмегімен сырқаттанып келген науқастарды 2 сағат ішінде анықтап байқайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.