Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қазақстан Еуразиялық бірігу жобасында!"

c 00:00, 26/03/2015 c 950

0:00 / 0:00

Бүгін осындай атаумен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де дөңгелек үстел болып өтті. Оған РФ-ның Орынбор облысан келген қонақтар, ассамблея мүшелері, студенттер қатысты. Осы кездесу барысында аталмыш оқу орнының ассамблея кафедрасы мен Еуразия-Поволжье ақпараттық аналитикалық орталығы және Еуразия халықтары достығы бірлестігі арасында "Еуразиялық бірігу үрдістері мен перспективасы" ғылыми-зерттеу концорциумын жасау туралы 3 жақты меморандумға қол қойылды. Интеграция мәселесін талқылау төңірігенде өткен жиынға көрші елден келген қонақтармен бірге аймақтағы ғалымдар мен оқу орнының студенттері қатысты. Жастар үшін бұның өзі бір сабақ іспеттес. Себебі жақында ғана М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылған болатын. Сондай-ақ аталмыш оқу орнында еуразиялық интеграция мәселелерін, ЕЭО пен Қазақстанның интеграция аясындағы ұтар жетістігін зерделейтін ғылыми сараптамалық топ құрылған-тұғын. Еуразиялық бірігу үрдістері және перспективасы ғылыми концорциумын жасаудың маңыздылығы екі тарап үшін тиімділігін көрсетеді,-дейді мамандар. Дөңгелек үстел соңында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ассамблея кафедрасы мен саратовтан келген ақпараттық сараптамалық орталық және Орынбор еуразиялық халықтар достығы бірлестігі арасында 3 жақты меморандумға қол қойылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.