Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ ҰҚШҰ МҮШЕ ЕЛДЕРІ АУМАҒЫНА БАРМАЙДЫ»

c 19:09, 07/06/2023 c 98

0:00 / 0:00

Қазақстанның қарулы күштері Ұжымдық қауіпісздік шарт ұйымына кіретін елдердің аумағына бармайды. Бұл жайында Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тілшілердің сұрағына Мәжілістің дәлізінде жауап берген еді. Өзеріңізге мәлім, әлеуметтік желілерде қазақ әскері қақтығыс аймақтарына баруы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Қорғаныс министрі осы мәселеге қатысты жауап берді.

Әлеуметтік желіде «Қазақстан сарбаздары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше ел ретінде Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты тілшілер қорғаныс министріне сұрақ қойған еді. Министр Жақсылықов Қазақстанның Қарулы күштері қақтығыс аумағына бармайтынын кесіп айтты.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағында тұрғанынан толық сеніммен жариялаймын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз»

Еске сала кетейік, бұл сұрақты депутаттар да көтерген болатын. Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының күштеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы тиісті үш заң жобасын қарап, қабылдағанды. Осы құжатты талқылау барысында халыққалаулылары да әлемде геосаяси ахуал күшейіп, көршілес елдерде қақтығыс орын алып жатқанда Қазақстанның бітімгершілік күштері айтулы ұйымға мүше ретінде сол аймақтарға жіберілуі мүмкін бе деген мәселені көтерген еді. Еске сала кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов қажеттлілік туындап жатса, бұл шешімді Парламент қабылдайды деп жауап қатқанды. Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылы еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресей-Украина қақтығысы аймағына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуы күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.