Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК КӘСІПКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

c 16:04, 09/08 c 33

0:00 / 0:00

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге сапары аясында екі елдің бизнес қауымдастығы да бас қосып, әріптестік орнатып жатыр. Елордада өткен Қазақстан мен Өзбекстан бизнес форумында іскер топтар екі жақты келісімшарттар жасасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Сауда министрлігінің хабарлауынша, форумында 43,5 млн доллардың келісімшарттарына қол қойылды. Сондай-ақ, қазақстандық және өзбекстандық кәсіпкерлерге еркін форматта екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. Өз ісін өрбітіп отырған кәсіпкерлер агроөнеркәсіптік кешені, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс және тағы басқа салаларда келісімге келді. Тараптар қолында бар өнімімен, тәжірибесімен бөлісіп жатты. Соның ішінде айта кетерлігі, форум аясында Қазақстанның лифттер Ұлттық қауымдастығы өзбектермен бірлескен кәсіпорын ашуға келісті. Сондай-ақ, Қазақстанның лифт паркін диагностикалау үшін диспетчерлік орталық құру және лифт саласындағы қызметтердің сапасын арттыратын бірыңғай стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеу қолға алынбақ. Өзбекстанда лифт инустриясы біржолға қойылғандықтан, біз көрші елдің тәжіриесін алмаспақпыз.
Ал Қазақстан жағы Өбекстанды шаймен қамтамасыз ететін болды. Қазақстандық шай фабрикасы Өзбекстанның ең ірі сауда желісмен ай сайын 20-30 тонна шай жеткізу туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде компания Ресей, Қытай және Қырғызстанды қоса алғанда, сыртқы нарықтарда өз кәсібін жүргізіп отыр.

Сауда министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіште 7-ші орында және Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57%-дан астамын құрайды. Ал бұған дейін екі елдің сауда министрлері таяу уақытта тауар айналымын 5 млрд долларға дейін және орта мерзімді перспективада 10 млрд долларға дейін ұлғайту мақсаты тұрғанын айтқанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.