0:00 / 0:00
Астана аспан асты елінен келген қадірлі қонағын жоғары деңгейде қарсы алды. Бұл жолы Қытай басшысы мінген автокеруенді Қазақ Президенті Ақорданың алдында қарсы алды. Қасым- Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Ақордаға кірмес бұрын Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері ұшақтарының Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өткен көріністі тамашалады. Одан әрі Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, президенттерге сәлемдік баянат берді. Екі елдің әнұраны ойналды. Дістүр бойныша екі ел асшылары өздерін тізіле қарсы алып тұрған қазақ-қытай үкіметінің мүшелерімен амандасып шықты. Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесу, одан кейін кеңейтліген форматта келіссөз жүргізді. Тоқаев көрші Қытаймен қарым –қатынасты дамудың алтын кезеңі деп бағалады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы байланыстар тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуға, халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отырғанын баса айтты.
Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Қазақ басшысының айтуынша, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі таңда 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы құны - 14,5 млрд долларды құрайды. Жобалар өнеркәсіп, энергетика, көлік, транзит, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды қамтиды. Сонымен бірге екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары жандана түсті деді Тоқаев.
Өз кезегінде Қытай басшысы Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді деп мәлімдеді.
СИ ЦЗИНЬПИН – ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Президент мырза, менің мемлекеттік сапарымда жасап жатқан құрметіңізге көп рақмет!Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз және көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға деген шешіміміз және негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді қолдауға деген ұмтылысымыз өзгеріссіз қалатынын тағы да атап өткім келеді. Ұлттық даму міндеттерін орындауға деген сеніміміз де өзгеріссіз қала береді».
Си Цзиньпиннің қазақ жеріне мемлекеттік сапары барысында екі жақты келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан мен Қытай өзара тауар айналымын 2 есеге арттыруға келісті. Сауда және экономика, инвестициялар, индустрияландыру, көліктік өзара байланыс және энергетика сияқты дәстүрлі секторлардағы ынтымақтастықты тереңдетуге келістік, - деп мәлімдеді. Бұл кездесуде тараптар транскаспий халықаралық көлік бағыты мен екі ел арасындағы үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетуге келісті. Бұл орайда минералдық ресурстар, баламалы энергия көздері, ғылыми және техникалық инновациялар, авиация және ғарыш, цифрлық экономика салаларында жаңа өсу нүктелерін бірлесіп дамытуға ниеттіміз», - деді қытай басшысы. Сондай-ақ, Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайтынын да айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытайға экспортталатын астық көлемін 2 млн тоннаға жеткізуге дайын екенін айтты. Өткен жылы көрші елге экспорттаған ауыл шаруашылығы тауарлары 2 есе өсіп, 1 млрд долларға жеткен. Ал темір жол арқылы тасымалданатын жүк көлемі 22 пайызға артып, 28 млн тоннаны құрады. Ақордадағы кездесуде екі ел басшылары Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды. Көлік керуені 10 күн бойы 4 800 шақырым жолды жүріп өтеді. Қазақстанның 8 өңірінен өтіп, бүгін Құрық портына жетті. Бұл бағыт Қытай мен Қазақстан арасында экономикалық және сауда ынтымақтастықты одан ары дамыта түспек. Бұл Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы болмақ.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қазақстанның Бейжің қаласында, Қытай Халық Республикасының Астана қаласында Мәдени орталықтарының және Астанада Бейжің тіл және мәдениет университеттерінің ашылуына да куә болды.