Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ көшін жаңғырту

c 16:40, 01/05/2020 c 532

0:00 / 0:00

Сенаторлар қазақ көшін жаңғыртуды ұсынады. Бүгін өткен Парламент Сенатының онлайн жалпы отырысында көші-қон мәселесіне арналған заң жобасы талқыланды. Депутат Мұрат Бақтиярұлы Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстаннан басқа елдерге көшіп кеткен адамдар саны 3,7 миллионға жеткен. Тек соңғы он жылдың ішінде Қазақстаннан Ресейге 300 мың адам қоныс аударған. Бұл орайда сенатор шетелдегі этникалық қазақтардың елге оралуын ынтыландыру шараларын қамту қажет дейді.

Қазақстанға оралып жатқан қандастарымызға елде қалуға жағдай жасау керек.  Соңғы жылдары Қытайдағы саяси жағдайға байланысты бес бірдей отандасымыз елге оралып, босқын статусын сұраған. Алайда, Қазақстан жағы босқындар жағдайы туралы халықаралық конвенцияны қабылдай отыра, бұл мәселегні шеше алмады.

Сондай-ақ, сенатор  Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтардың көбеюіне алаңдаулы. Ресми дерекке сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстанда халық саны 11% артса, ал көрші Өзбекстанда 60%,  Тәжікстанда 68%, Қырғыстанда 43%-ке өскен. Халық саны бойынша Қазақстанға төніп отырған қауіп- елден көшіп кетіп жатқандар саны артты. Соңғы 25 жылда Қазақстаннан басқа елдерге көшіп кеткен адамдар саны 3,7 миллионға жетті.  Елден кетіп жатқандардың 44 проценті 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар. Сенатор,  бұл жағдай еңбек ресурстарының тұрақты азаюын көрсетеді дейді. Қазақстандағы халық санын көбейту үшін, үкімет шетелдегі қандастарымыздың елге оралуын ынталандыратын мемлекеттік бағдарлама енгізуі керек.

Қазір шет елдерде 7 миллион этникалық қазақ тұрады екен. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан 18,5 миилион халықтың 38%-ін құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.