Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ қайтсе баспаналы болады?

c 16:30, 21/11/2018 c 945

0:00 / 0:00

"7-20-25"  бағдарламасы бойынша үй алушыларға жаңа үйлер жетіспейді. Қазір республика бойынша төрт мыңнан астам адам осы бағдарлама бойынша "үй аламын" деп өтініш берген. Бірақ осынша адамды үймен қамту үшін жаңа үйлер жеткіліксіз болып отыр. Енді қайтпек керек. Бағдарлама бар, үй жоқ.

Бес әлеуметтік бастама бағдарламасын іске асыру мәселесінде халықты баспанамен қамту өзектілігі көрсетілген. Халықты қолжетімді баспанамен қамтуды шешу үшін " 7-20-25" бағдарламасы іске қосылды. Қазір Қазақстан бойынша 4 мыңнан астам адам өтініш берген.
Бүгін Орал қаласына "Баспана" ипотекалық ұйымының өкілдері әдейі келіп халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 7 банк арқылы баспананың алғашқы 20 пайызын төлеу арқылы үй алуға мүмкіндік бар екендігі айтылды. "7 -20 -25" бағдарламасы тек жаңа үйлерден үй аламын дейтіндерге арналған. Енді осы жерде мамандар аздаған қиындық барын айтты. Қазақстан бойынша құрылыс қарқынды жүріп жатыр десек те халықты толық баспанамен қамту үшін үйлер саны жетіспей отырған көрінеді. Яғни, жұрттың бәрін бірдей осы бағдарлама аясында су жаңа пәтермен қамтамассыз ету мүмкін емес. Енді қайтпек керек. Бағдарлама бар, үй жетіспейді, үй аламын деген өтініш бастан асып жатыр. Бұл қиындықты шешу үшін арнайы "Баспана хит" бағдарламасы іске қосылыпты. Осы бағдарлама аясында енді тұрғындар ескі үйлерді де ипотекалық несие арқылы ала алады.Тек оның пайызы сәл жоғары болады.
БҚО бойынша да "7 - 20 -25" бағдарламасы бойынша үй алуға ниетті адамдар баршылық. Бүгінде 150-ден астам өтініш келіп түскен. Соның ішінде 95 адамның өтініші қанағаттандырылып, қоныс тойын тойлап үлгерген. Қазір Орал қаласының өзінде 26 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал, келесі жылы тағы көп қабатты үйлерді салу үшін бүгін инженерлік желілер тартылып, орын дайындалып жатыр,- деді мамандар.
"7 - 20 -25" бағдарламасы бойынша халықты баспанамен қамту ісінде нақты БҚО өзінде ана бір қиындық жоқ, үйлер әзірге салынып жатыр.Бірақ республикалық көлемде соның ішінде Астана, Алматы секілді ірі қалаларда су жаңа пәтерге сұраныс артқан, бірақ үй салынып үлгермей жатырған көрінеді.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.