Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті дүңгіршек жойылды

c 16:57, 17/03/2022 c 496

0:00 / 0:00

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге электорнды темекі сатқан дүңгіршек жойылды. Бұл туралы БҚО ПД өкілдері мәлімдеді. Аталмыш проблема туралы қала тұрғыны Аслан Өтепов осыдан екі күн бұрын мәлімдеме жасап, бұл факті бойынша тергеу жұмыстарын басталған еді. Электронды темекіні мектеп оқушыларына сатқан кәсіпкер Ресей азаматы көрінеді. Жасөспірімдер үшін қауіпті саналатын табак өнімдерін тал түсте сатқан азаматтың сату орны толықтай жойылды. Келтірілген дәлелдер оның бұл әрекетінің заңсыз екені анықтап берді. Өйткені бұл психотропты өнімге жасөспірімдердің де қызығушылығы зор болып отыр. Полицейлер аталған факты бойынша шағымдар үстіміздегі жылдың 19-шы қаңтарында түскенін айтса, нақты дәлел екі ай бойы жиналыпты. Соның бірі - Оралдық Аслан Өтеповтың ұялы телефонына түсіріген кадрлар еді. Ювеналды полицейлер дерегінше жыл басынан бері мектеп жасындағы оқушыларға тыйым салынған заттарды сату дерегі бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Алдын -алу шаралары бойынша инспекторлардан құралған топпен рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Ал қоғам белсендісі бұл іске араласқан арнамызға алғысын бідірді. Сондай-ақ, Аслан Өтепов мұндай сату дүңіршектерінің бірнешеуін бақылауға алғанын айтты. Бұл өнім соңғы кезде елімізде сұранысқа ие. Нарколог мамандар оның психотропты зат екенін айтады. Сонымен қатар электронды темекені тұтынып, кейін өмірмен қоштасқан ресейдегі қайғылы жағдайды мысалға да келтірді. Тағы да естеріңізге сала кетеміз, ел аумағында кәмелетке толмағандарға темекі және табак өнімдерін сатуға тыйым салынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.