Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАУІПТІ АУМАҚҚА БАҒДАРШАМ КЕРЕК

c 22:20, 25/08/2023 c 82

0:00 / 0:00

Гастелло және Қайша Миханова көшелері тұрғындарының айтуынша, бұл қиылыс қауіптің алдын алу ескерілмеген. Түнде көшелерде қараңғы, жол белгілері орнатылмаған. Көлік құралдарының нөпірі көп. Жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырады. Салдарынан жол апаты да жиіледі. Жапа шегіп отырған қарапайым тұрғындар.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Баспана иелері жол қиылысына бағдаршам орнату ұсынысымен қалалық әкімдік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, полиция департаментінің табалдырған тоздырған. «Жауапты тұлғалардың айтар жауабын жаттап алдық» дейді олар. Соған қарамастан тұрғындар кезекті мәрте көше қиылысына жиналып, сала өкілдерінен нақты әрекетке көшуді талап етті.

МАРЛЕН ИМАНҒАЛИЕВ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Азаматтармен кездесуде жергілікті полиция қызметі басқармасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығы төбе көрсетті. Айтуларынша, тұрғындардың өтініші жүзеге асырылу сатысында. Шолохов көшесі жолының күрделі жөнделуіне байланысты ұсыныс кейінге шегеріліп келген. Енді «келесі айда бұл көшеге бағдаршам орнатылып, жарық шамдары жаңартылады» деп уәдесін берді құзырлы орган өкілдері.

АЛЬБЕРТ БЕКМҰХАМБЕТОВ

ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сондай-ақ тұрғындар жаз басталғалы кесілмеген ағаштар мен қаумалап өскен арамшөптермен күресіп әлек. Қатты жел, жауын-шашын күндері ағаш бұталары электр сымдарын зақымдап, тұрғын үйлер электр жарығынан ажырап қалады. Кездесуде осындай сарындағы шағым тыңдалған соң коммуналдық мекеме қызметкерлері әрекетке көшіп, көшеде тазалық жұмыстары басталды. Алда бағдаршам орнату жұмысы қолға алынбақ. Бірер аптада жаңа оқу жылы басталады. «Балалардың қауіпсіздігі үшін жол қозғалысын ретке келтіру жұмыстары кейінге шегерілмеуі керек»,- дейді тұрғындар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.