0:00 / 0:00
Ақпараттық қауіпсіздік басты мәселеге айналды. Интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық күн сайын көбейіп барады. Бұл пандемия барысында онлайн жұмысқа көшу кезінде өршіп кеткенін айтады мамандар. Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас айтуынша, 24 мыңнан астам интернет шабуыл жағдайлары тіркелді. Оның 1500-нан астамы – фишинг шабуыл.
Цифрланған заманда, қызметтің қай түрі болмасын автоматтандырылған. Азаматтардың жеке мәліметтері енгізілген дерек қандай да бір орган қызметкерлеріне қолжетімді. Кез-келген құжатты рәсімдеуде, зат сатып алсаң да ЖСН –ді көрсетесің. Ал жеке мәліметің қолды болып, атыңа біреулер несие рәсімдеп жібермесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Пандемия барысында онлайн жұмыс істеушілер саны артты. Бұл ақпарат қауіптілігін де көбейтті.Мамандар фишинг ресурстар 2020 жылғы шабуылдардың трендіне айналды деп отыр
Интернет ресурстардағы алаяқтық өршіп тұр. Азаматтардың жеке мәліметін біліп алған алаяқтардан телефонға маза жоқ. Тіпті есеп шотындағы қаржатынан айрылып қалып жатқандар да бар. Өкінішке орай, оларды қанша анықтап, жауапқа тартқанымен, күн сайын жаңа фишингтік яғни алаяқтық ресурстар пайда болуда. Мамандар кез келген сілтемені баспастан бұрын мекенжай жолына мән беріңіздер, ақшалай сыйлцқ ұсынатын смсден аулақ болыңыздар дейді.
Алаяқтық фактілері айқындалған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Алайда, ұрынғандардың бәрі бірдей жоғалтқанын тауып жатыр деп айту қиын.