Жаз айларында барша азаматтар еңбек демалысын алып, жылы жаққа демалуды жоспарлайды. Алайда, азаматтар түрлі туристтік фирмалардың ұсыныстарын зерттеп жүрген кезде, сақтық шараларын естен шығарып жатады. Сол себепті, сала мамандары демалысқа шыққан кезде, арнайы қонақүйлерге тоқтап, кәріз жүйесі бар ауыз сумен қамтамасыз етілген жерлерге табан тіреуге кеңес береді.