Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіздік кепілі

c 22:34, 29/08/2019 c 887

0:00 / 0:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алып елдердіполигондардың инфрақұрылымдарын жоюға шақырды.  Бұл жайында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигонының жабылу күніне орай елордада өткен жиында айтылды. Шара Тұңғыш президент қоры мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Осы жиында  Назарбаев сыйлығы МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға берілді. Салтанатты рәсімге лауреаттар мен олардың өкілдері, Сыйлықтар жөніндегі комитет мүшелері, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері, Ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі кең ауқымды келісімшарт ұйымының дайындық комиссиясының жауапты хатшысы, Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары, Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, республикалық мәдени және жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Адамзат үшін басты қасірет болған ядролық жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқанымен, оның зардабын жою әлі де жалғасуда. Көптеген елдер өзін ядролық қарудан азат ел деп жариялады. Қазақ жері жарты ғасыр бойы полигонның зардабын шегіп келді. Ұлы даламызда  456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтыққуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасыныңқуатынан 2,5 мың есе асып кетті.

Бүгін  Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялау туралы БҰҰ қарарының қабылданғанына 10 жыл толып отыр. Жиында сөз алған елбасы НұрсұлтанНазарбаев ядролық қаруды сақтап отырған алып елдер- АҚШ, Ресей,Қытайды полигондардың инфрақұрылымдарын жоюға шақырды.

Сондай-ақ, ол   соңғы 20 жылдың ішінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартын  жан-жақты қылғанымен,  оны әлі күнге дейін ратификацияламаған елдер барын айтты.

Назарбаев осы ретте, АҚШ, Ресей, Қытайдың және өзге де ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде кездесіп, уағдаластыққа қол жеткізуге ресми ұсыныс жасағанын айтты. Айта кетейік, осы жиында ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы табыс етілді.  Сыйлық  саяси және қоғамдық жетекшілер мен ұйымдардың ядролық қарусыз әлемге қол жеткізудегі және әлемдік қақтығыстарды шешудегі еңбегі сіңген адамдарға беріледі.
Бұл жолы МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.