Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіп еселене түсті

c 18:01, 17/11/2020 c 611

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы ауру көрсетікіші бойынша қайтадан жасыл аймақтар тізіміне енгізілді. Естеріңізде болса, өткен аптада қызыл аймаққа енген облысымызда әлі де болса жағдай тұрақсыз. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.1-16 қараша аралығында 503 коронавирус жұқтырған адам тіркелді. Соның ішінде 205-інде ауру белгілері болған. Қалған 298-інде ауру белгілері жоқ. Өңірде мониторингтік топтар өз қызметін жалғастыруда. Қараша айында 52 нысанның санитарлық талапты бұзғаны анықталды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 80 хаттама толтырылып, 4 млн астам теңге айыппұл салынды.«Облыста 10 қарашадан бастап карантиндік шектеу шаралары қатаңдатылғаны мәлім. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін көліктердің қозғалысына шектеу қойылуы, сенбі, жексенбі күндері санитарлық посттардың жұмыс істеуі және қоғамдық көліктердің тоқтатылуы сияқты шаралар қазіргі тұрақсыз жағдайға байланысты қолға алынды. Эпидемиологиялық ахуалдың оңалуы үшін тұрғындар санитарлық талаптарды сақтап, маска киіп, арақашықтықты ұмытпай, көпшілік жиналған жерлерге бармау керектігін мамандар тағы да еске салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.