0:00 / 0:00
Қала күнінде оралдықтарға атақты "Катюша" көлігі сыйға берілді. Жеңісті жақындатқан темір тұлпар ашық аспан астында "Соғыс техникасы" музейі экспонаттарының қатарын толықтырды. Айта кетер болсақ, аталмыш музей "Жеңіс алаңында" бой түзеп отыр.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жаумен арпалысқан жауынгерлерге рух сыйлаған жәдігерлердің бірі-атақты "Катюша" көлігі. Аталмыш темір тұлпар сұм соғыс басталған кезден майдан даласында жеңіс күні туғанша қызмет жасады. Осы атақты көліктің түпнұсқа үлгідегі біреуі қала күнінде Оралдықтарға сыйға берілді.
Күні бүгінге дейін ұрыс шебінде мыңдаған жауынгерлермен бірге жеңісті жақындатқан "Катюша" көлігі ауылда шөп тасуға пайдаланылып келген. Көненің көзі болған құнды жәдігерді облыстық мәслихаттың депутаты сатып алып, қала тұрғындарына тарту жасады. Ал "Зенит" зауыты темір тұлпардың кем-кетігін жөндеп берген.
Аңызға айналған "Катюша" мен өзге соғыс кезіндегі көліктерді Жеңіс алаңындағы "Соғыс техникасы" музейінен тамашалауға болады.