0:00 / 0:00
Қазталов топырағында дүниеге келіп, кең диапозонды, әдемі, ырғақты даусымен күллі қазақтың жүрегін жаулаған табиғи талант иесі Қатимолла Бердіғалиев халық әндерін нақышына келтіріп орындаудың хас шебері. Әнші, термеші, айтыскер ақын биыл 70 жасқа толады. Мерейлі мерей тойға орай кітапханалар жүйесінде арнайы кездесу кеші өтті.
Кеш қонағы өнер жолында басынан өткен оқиғаларды айтып, айтысқа қалай келгенін, бірінші рет сынға түскен сөз додасын еске алып, меймандарға арнап әсем ән шырқады.
Кездесу кешіне әнші, термешімен бірге қызметтес болған мәдениет саласының ардагерлері де қатысты.
Жастарға өнегесі мол жылы жүздесу өнерлі өрендердің әнімен аяқталды.