0:00 / 0:00
Қазіргі таңда сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан жандардың саны артып келеді. Мәселен, жыл сайын сала мамандары 160-170 адамды диспанцерлік есепке алатын көрінеді. Еліміз бойынша 7-8 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан скрининг бағдарламасының арқасында қатерлі ісікті ерте кезінде анықтауға мүмкін болып отыр. Ақ халатты жандар егер әйел адам сүт безінің қатерлі ісігі анықталып, оның бірінші сатысында ем-дом қабылдаса, дертінен құлан таза айығады,-дейді.
Сүт безінің қатерлі ісігі не себепті орын алатындығын әзірге ешбір маман дөп басып айта алмайды. Десек те, онколог мамандардың пайымдауы бойынша, бұл сырқат әйел адамдардың гормонды жүйесі өзгеріске ұшыраған тұста белең алады деседі.
Баршамызға "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген мақалға құлақ асқан жөн болар. Дәрігерлер қауымы қатерлі ісікке шалдықпас үшін спортпен шұғылданып, фаст-фудтан аулақ болып, медициналық скринингтен уақытылы өтуге кеңес береді.