0:00 / 0:00
Виктория Столбоушкинаның мұқтаждығы жөнінде телеарнамыздың жаңалықтар бөлімінде бейнематериал көрсетілген болатын. Жан-жақтан хабарласып, қол ұшын созған қазақстандықтар науқас әйелге балаларын мектепке дайындауға көмектескен. Қажетті оқу құралдарын алып беріп, киім-кешекпен қамтыпты. Азаматшаның шотына қайырымды жандар 250 мың теңге қаражат аударған. Естеріңізге саламыз, екі қыздың анасы Виктория Столбоушкина жатыр мойыны қатерлі ісігіне шалдығып, жанын қинаған дертпен күресуге қажетті дәрі-дәрмек сатып алуға дәрмесіз болып отырған болатын. Бүгінде 33 жасқа толған азаматша отаға жатуы тиіс. Дәрігерлер жағдайы оңалар түрі жоғын жасырмаған. Сондықтан әйелді балаларының тағдыры қатты алаңдатады. Өз жеке баспаналары жоқ болғандықтан тұрақты жұмысы жоқ отағасының тапқан-таянғаны тұрып жатырған үйдің жалдық ақысы мен тамақтан арылмайды. Олар мекен еткен Зеленов ауданының Озерное ауылында көршілері 2-ші топтың мүгедегі Викторияға үнемі көмектесіп тұрады.