0:00 / 0:00
Аса ауыр қылмыс түрлері бойынша жаза күшейтілді. Бүгін парламент Мәжілісінде Қылмыстық және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Онда есірткі тарату, адам саудасы, зорлық-зомбылық, броконьерлік қылмыстар және жеке тұлғаға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту қарастырылған. Сондай-ақ, бірші рет мал ұрлығы аса ауыр қылмыс түріне жатқызылып отыр.
Мәжілісмендер аса ауыр қылмыс түрлері бойынша жазаның қатаңдатылған екі қолмен қолдап отыр. Зорлау мен сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер үшін жаза күшейеді . Жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр. Педофильдерді өмір бойына сотталады.
Тағы бір маңызды мәселе жануарлар әлеміне қарсы қылмыстар үшін жаза қатаң болмақ. Қазір осы әрекеттер үшін адам 50 тәулікке қамалса, енді төрт жыл бас бостандығынан айырылады. Ал Қызыл кітапқа енген аңдарды ауласа - 6 жыл, аса ірі көлемде немесе қылмыстық топ болса, он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Заңсыз аңшылық, балық, су жануарларын аулауға, өсімдіктерге қарсы әрекеттер орта қылмыстар санатына кірмек. Бүгінде айыппұл 5 мың теңге болса, енді 10 млн теңгеге дейін көбейеді.
Бұл орайда, инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырмақ. Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі. Киік мүйізімен айналысқандар 5 жылға сотталады. Тағы бір жаңалық, мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына енді.
Ішімдік ішіп көлік тізгіндейтіндерге қатысты жаза қатаңтылады. Енді мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші сегіз жылға дейні жүргізуші құқығынан айрылады. Ал
Ол адамды мерт қылғандарды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тұр.
Мәжіліс аса ауыр қылмыс түрлері бойынша жазасы қатаңдатылған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.