Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Каспий теңіз бе, көл ме?

c 19:29, 17/08/2018 c 3566

0:00 / 0:00

Жалпы ауданы 376 мың км құрап жатқан кәрі Каспийдің географиялық мәртебесі әлі күнге дейін нақты анықталмай отыр. Өткен аптада Ақтау саммитінде бес елдің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Дегенмен, Каспий теңіз бе, әлде үлкен көл ме деген сұрақ ашық қалды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова, Каспий теңіз бе, көл ме деген пікірталасты теңіз маңындағы елдер 20 жыл бұрын доғарған. Себебі бұл тақырыпта ортақ мәмілеге келе алмаған. Осылайша, Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеуді талап ететін су қоймасы ретінде бөлуге келісілген. Бұл жайында Астанада өткен баспасөз маслихатында айтылды.

Каспий Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне орай оны теңіз деп атайды. Тарихқа үңілсек, Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіздің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің сағалауын шайып жатыр жатқан жайы бар. Теңіз жағалауындағы Қазақстанның үлесі - 29% құрайды. Каспийді жағалап отырған бес ел әлі күнге дейін оның географиялық анықтамасын бекітпеген.

ЗҮЛФИЯ АМАНЖОЛОВА ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ
«Каспий теңіз бе, көл ме деген пікірталасты теңіз маңындағы елдер 20 жыл бұрын доғарған. Себебі бұл тақырыпта ортақ мәмілеге келе алмаған. Біз Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеуді талап ететін су қоймасы ретінде бөлуге келістік. Қазақстанның ұстанымы Каспий теңізіне 1982 жылғы теңіз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының ашық теңіздерді бөліп және реттеу ережесін қолдануға негізделген. Мәселен, теңіз құқығында аумақтық теңіз үшін 12 теңіз миль белгіленсе, Конвенцияда 15 теңіз милін бекіттік. Яғни, нақты осы мәселеге қатысты ерекше шешім қабылдадық».

Сондай-ақ, Кәрі аспий арқылы өзге үлкен суларға шығу мүмкіндігі қарастырылуда ма деген сауал туады. Сыртқы істер министрлігі өкілі, егер бесжақты келісімге келе алсақ, Қара теңіз бен Каспий теңіздерін су жолдарымен байланыстыруға болатын еді дейді.

ЗҮЛФИЯ АМАНЖОЛОВА ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРЛМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ

«Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұндай арнаны салу туралы ұсыныс айтылған. Қазіргі уақытта бұл жобаны іске асыруға аса құлшыныс танытып отырғандар байқалмайды. Шын мәнінде, Каспий теңізі - бірегей экожүйесі бар нәзік әрі тұйық су қоймасы. Каспий теңізін шартты түрде Қара теңізбен байланыстыруға қатысты қандай да бір жобаны немесе ирандық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бес мемлекеттің келісімін алып, тиісті экологиялық сараптама жүргізу қажет. Мұнда жобаның экономикалық тұрғыда қаншалықты орынды екені, экологиялық қауіптердің қаншалықты үлкен екені маңызды. Менің ойымша, мұны мамандар зерделеуі тиіс».

Еске сала кетейік, 12 тамыз күні Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғанды. Аталмыш құжат теңізге қатысты Каспий маңы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастың барлық құқықтық аспектілерін қамтиды.

Әселім Қалкен

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.