Қазақстан территориясында қасқыр аулаудың лимиті бекітілді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар мен Ақмола облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Мамандардың мәліметінше, бұл өңірлерде аталған дала жыртқышының түрі азайған. Атап айтсақ, өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар. Ескере кететін жайт, жоғарыда аталып өткен бес өңірде қасқырды тек ғана адамға немесе малға шабуыл жасаған жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.