Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті қолдау

c 17:36, 01/08 c 67

0:00 / 0:00

Ақтөбеде су тасқыны кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлей бастады. Бұл мақсатқа республикалық резервтен 700 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Қарашаш Қабиеваның отбасылық кәсібі шамамен 100 миллион теңге шығынға ұшырады. Кәсіпкердің айтуынша, тасқын салдарынан өндіріске қажетті қымбат құрал-жабдықтар бүлінген. Атап айтқанда құтыдағы суды өндіретін кәсіпорын мүлде жарамсыз боп қалыпты. Бұдан бөлек мейрамхана асханасындағы жабдықтар да су астында шіріп кеткен. Комиссия бизнеске келтірілген шығынды 50 миллион теңге деп бағалады.Арнайы құрылған комиссия 16 өтінішті қараса, оның 10-на жалпы сомасы 120 млн теңге қаражат төленген. Жалпы облыстың түкпір-түкпірінен 76 шағын және орта бизнес өкілдері әкімдіктен көмек сұрап, өтініш қалдырыпты. Кәсіпкерлер шығынын өтеуге үкімет резервінен 733 миллион теңге бөлінді. Арнайы комиссия апта сайын өтініш негізінде тексеру қортындысын шығарады.Үстіміздегі аптада шамамен тағы 50-ге жуық өтінішті қарау жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.