Елбасы өткен жылы үкіметке қарапайым заттардың экономикасын дамытып, өндірістің әлеуметін арттыру керек деп нақты тапсырма жүктеген болатын. Тұңғыш президенттің тапсырмасынан соң, елімізде бірқатар жұмыстар қолға алынды. Мемлекет есебінен өндірістің әлеуетін жақсарту үшін 600 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Қыруар қаржының арқасында халық күнде тұтынатын 250 тауардың санын көбейтіп, импорттың үлесін арттыру көзделіп отыр. Облыс орталығында Елбасы жүктеген тапсырманың оңтайлы тұсын түсіндіру үшін арнайы жиын өтті. Шара барысында Даму қорының өкілдері бизнес субьектілері үшін беріліп отырған жеңілдіктерді баяндап, сұрақтарына жауап берді.