0:00 / 0:00
БҚО Кәсіпкерлер басқармасы бүгін «Бастау бизнес» жобасы бойынша білімдерін жетілдірген тәлімгерлерге сертификат табыстады. Шара салтанатты жағдайда өтті. Жоспар бойынша биыл 4000-нан аса адам арнайы бизнес жетілдіру оқуын аяқтаған.Сала мамандарының айтуынша «Бастау бизнес» жобасы 2020 жылы да жалғасады. Өйткені өз кәсібін ашуға ден қойғандардың басым бөлігі - жастар көрінеді. Биылдың өзінде 12 ауданда аталған жоба сәтті жүзеге асып, 10 мыңға жуық адам бизнес ашуға талпыныс білдірген. Алайда олардың 4000-ы ғана тегін оқу мүмкіндігіне ие болыпты.Білім жетілдіру кезең- кезеңімен жүзеге асты. Бүгін солардың 260-на куәлік табысталды. Енді олар өз бизнес жоблары негізінде қаржыландыру тетіктерін пайдалана алады.«Бизнес бастау» курсының негізгі ерекшеліктерінің бірі - тәлімгер бизнес жобасын оқу барысында жасақтай алады. Биылғы оқылған азаматтардың 50 пайызы өз ісін ашып, жұмыстарын жандандырған. Кәсіпкерлікке ден қойғандар қызмет көрсету саласы бойынша өз істерін ашыпты.