0:00 / 0:00
Өңірде соңғы жылдары мемлекет қолдауымен кәсіп ашушылар саны көбейгені байқалады. Мәселен, Надежда тігін цехы мемлекеттен төмен пайызбен 10 млн теңге несие алып бүгінде бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.2018 жылы облысымызға мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы сипаттағы трансферт көлемінен 2,4 млрд. теңге бөлінген. Ал биылғы жылы өткен жылға қарағанда қарастырылған қазына қаржысы мол. Әсіресе медициналық жобалар мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар өңірге қажет ақ. Қолынан іс келетін әр адам мемлекеттік гарантқа ие бола алады. Тек жобаңыз өміршең әрі экономканы дамытуға қауқарлы болса болғаны. Ал кәсіпкерлік ашудағы тиімді тетіктерді басқарма тарапынан мамандар тегін оқытатын болады.