«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына бөлінген қаржының 90 пайызы ауыл кәсіпкерлеріне арналған. Бұрын бағдарлама бойынша тек 3 млн теңге несие беріліп келсе, енді 19 млн теңгеге дейін қолжетімді. Үш айдың ішінде 29 кәсіпкер осы бағдарламаның шарапатын көріп, 300 млн теңге несие беріліпті. Тек пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызды құрағандықтан, субсидия берілмейтін көрінеді.
МАҚСАТ ҚҰЛАНБАЕВ
БҚО Атамекен ҰКП бөлімінің жетекшісі
Бүгінде ауылдық кәсіпкерлерге 4 млрд теңге қарастырылған. Кәсібін ауылда бастайтындар үшін агро-несие корпорациясы мен ауылшаруашылықты қолдау қоры қызмет істейді. Біздің курстарда оқығандар 8 аек мөлшерінде несие алуға мүмкіндіктері бар
Даму қоры бұл бағдарламаны Оралда және Ақсай қаласында жүзеге асырады. Бағдарлама сала-салаға бөлінбейді, кәсіпкер иесі қаражысын қайда бағыттаса да өз еркі. Оларға көп дегенде 18 млн теңге беріледі.
РЕНАТ ҚҰСМАНОВ
Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша бас менеджері
2018 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасын дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, субсидия беру мен кепілдендіру жобасы да басталғалы тұр. Субсидия беру мерзімі бұрындары 3 жылмен шектелсе, қазір 5 жылға дейін ұзартылды.
Айта кетелік, бағдарлама бойынша өңірде техникалық және кәсіптік біліммен барлығы 4 мың, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5 мыңға жуық адам қамтылмақшы.