Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жемқорлық фактілерінен қалай қорғаймыз

c 16:16, 15/11/2018 c 764

0:00 / 0:00

Кәсіпкерлерді жемқорлық фактілерінен қалай қорғаймыз.Бизнес әлемінің серкелері жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тәуелді болмай, өз кәсібін дөңгелету үшін қандай шаралар қолға алыну керек.Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің БҚО департаментінің басшысы Болат Исақов бірнеше бизнес нысандарын аралап, кәсіпкерлермен кездесті.Кездесу барысында кәсіпкерлерді жемқорлық мәселесінен қорғауға бағытталған "Protecting Business and Investments" жобасы туралы кеңірек түсінік берілді.

Бұл Орал қаласындағы кабель зауыты. Бұл жерде тұрмыста қажетті кабелдерді өндіреді.Бұрын бізге қажетті кабелдер Ресейден әкелініп келген, енді сол тәуелділікті азайту мақсатында осы зауыт жұмыс жасамақ.Мұндай алып кәсіпорындардың арқасында біраз адам жұмыспен де қамтылып отыр.
Елбасы биылғы жолдауында отандық өнім өндірушілерді қолдау мәселесіне жіті көңіл бөлуді тапсырды.Әсіресе тыңнан түрең салып, бұрын сонды ешкім жасамағн кәсіпті қолға алып отырғандарға қолдау көрсетілу қажет.Сондай отандық өнім өндіруге белсене кіріскен фабриканың бірі "Пош Руно" аяқ киім фабрикасы.Ауылда мал терісі қажетсіз жататыны белгілі.Ал, бұл жерде тері өнімдері өнделіп, тазаланады, қажетті түстерге боялады.
Бұлар - таза отандқ өнімді өндірушілер.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өнімді өндірушілерге жағдай жасауды биылғы жолдауында тағы қайталап айтты.Кәсіпкерлер үшін ешқандай кедергі болмау керек.Жолда кездесетін сан алуан тексерістер олардың кәсібіне кедергі болмауы тиіс.Тіпті толған тексерістен шаршаған кәсіпкерлер қиындықты пара берумен шешуге асықпағаны абзал. Кәсіпкерлер мен инвесторларды жемқорлық фактілерінен қорғау мақсатында "Protecting Business and Investments" жобасы іске қосылған.Қазір осы жоба аясында бірнеше кәсіпорындар келісімшартқа қол қойыпты.
Кәсіпкерлерді жемқорлық фактілерінен қорғау, жең ұшынан жалғасқан пара беру мәселесіне жол бермеу мақсатында дүниеге келген бұл жоба аясында бірнеше кәсіпорындарда кездесу өткізу жоспарда бар дейді сала мамандары.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.