0:00 / 0:00
Облыс орталығында өңірлік кеңес өтті. Жиын барысында өңірімізде қызмет жасап жатқан кәсіпкерлер қордаланған мәселелерін ортаға салған еді. Батысқазақстандық кәсіпкерлер бас қосқан жиынға мемлекеттік мекемелер мен департамент басшылары да қатысқан еді.
Елбасы еліміздің дамуы үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы өңірдегі кәсіпкерлердің жұмысымен бағаналады деп бірнеше мәрте атап өткен еді. Қазіргі таңда өңірімізде жұмыстанып жатырған компаниялардың хал-ахуалы білмек мақсатта, бизнес-обьектілердің паспарттау жүйесі жасақталып отыр. Бұл өз кезегінде өндіріс ошақтарының жағдайын белгілеп, бәселекестікке қабілеттілігін айқындап, кәсіпкерлердің қандай мәселемен бетпе-бет кездесетіндігін көрсетіп бермек. Арнайы бас қосқан кәсіпкерлер жиын барысында тауарларды сату мен шикізат табуда және кәсіби кадр мен бағасы шарықтап тұрған тариф кәсіпті дөңгелетуге кедергі келтіреді,- дейді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов өңірдегі өндіріс ошақтарының әлсіздігін атап өтті. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы саласы да бар.
Кәсіпкерлер бизнесті дамытпайтын мәселенің бірі заңсыз жолмен кететін экспорт мәселесін тілге тиек етті. Бұл мәселе ет өнімдерін тасымалдауда үлкен рөл атқаратын көрінеді. Заңсыз экспорттан мемлекет пен кәсіпкерлер зардап шегіп отыр. Себебі, қаражаттың басым көпшілігі мемлекеттің қазынасын толтырмайды.
Сондай-ақ, өңірімізде кәсіпкерлердің мәселесін шешу мақсатында арнайы комиссия өз жұмысын бастады.