0:00 / 0:00
«МММ» үлгісіндегі ескі қаржылық пирамидалар әлі күнге дейін бар. Тек бағытын сәл жаңартқан. Қаржы пирамидаларын жасаушылар қысқа мерзім ішінде кепілдендірілген, мол табысқа кенелесің деп сендіре отырып, қатысушыларын сан соқтырып кетіп жатыр. Алайда, қаржы пирамидасын ұсынушылар қажетті салымдарды жинап алған соң табанын жалтыратады. Оларға алданған аңқау халық құзырлы органдарға жүгінгенімен, оны қайтару қиынға соғады. Киберқеңістіктің дамуымен интернетте жасалатын қылмыстардың саны да өсуде. Барлық криптожобалардан жеңіл ақша таба амайсың. Кейбіреуінен елеулі зиян шегеді, ал кінәлілерді жазалау немесе ұрланған қаражатты қайтару мүмкін емес. Соңғы 13 жыл ішінде криптовалюталар қаржы құралынан активтер санатына айналды, оларды бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушылар қызметтер үшін төлеп қана қоймай, еркін сауда жасайды.
АНДРЕЙ ДАВЫДОВ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Тек осы жылы қаржылық мониторинг агенттігі интернетте 47 қаржы пирамидасын анықтады. Әлеуметтік желідегі 300 чат анықталып, жабылды. Адамдар алаяқтарға сеніп жалғыз бапанасын, көлігін сатып, несие алып, қарызға батып, алаяқтық жобаға қаржы салады. Тез байып кетеміз деп ойлайды. Пирамидаға алданғандар саны 2,5 мың адамды құрайды. Олар 3 млрд теңгені алаяқтарға берген»
Бүгінгі таңда алаяқтар мен қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылардың ішінед қарапайым адам жоқ. Олар IT-технологиясын жетік меңгерген білікті мамандар, адамдардың эмоцияларын манипуляциялай алатын мықты психологтар мен спикерлер. Қазіргі уақытта қаржылық пирамидаларды жасауда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады. Мысалы, «клиенттерге» криптовалютаға, құнды қағаздарға немесе тіпті құрылыс материалдарына инвестиция салу туралы айтады, сендіреді. Аз табыс тапқан алғашқы салымшылар керемет табыс туралы өздерінің «қуаныштарымен» бөліседі және интернетте осы жобаны белсенді түрде жарнамалап, оған өздерінің туыстарын, достары мен таныстарын тартады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар танымал блогерлерді тарта отырып, агрессивті жарнаманы әлеуметтік желілерде кеңінен таратады.
АНДРЕЙ ДАВЫДОВ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Сізге жылдық кірісі 100 пайыз пайда әкеледі десе, ойланыңыз. Бірде-бір бизнес мұндай пайда әкелмейді. Жаңға клиент жинау үшін достарыңды, таныстарыңды шақыр дейді. Әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнама жасайды. Шетелдегі жобаға ақша салыңыз деп сенідерді. Ал сіз жұмыс берушіні көрмейсіз де. Онымен тек әлеуметтік желі арқылы ғана байланысасыз. Компания Қазақстанда тіркелмеген, қаржылық қызметпен айналысуға лицензиясы да жоқ»
Интернеттегі жеңіл табыс, тегін музыкалық сайттар, қаржылық пирамидалар, онлайн казино, танысу сайтындағы сұлулықтар, жарты бағамен айфондардың жарнамасы алаяқтардың құрығы деп біліңіз. Алаяқтықтың мақсаты қолма-қол ақша алу емес, банк карталары мен электрондық шоттардың деректеріне қол жеткізу. Алаяқтық жолмен қажетті дерекке қолы жеткенде , ол сіздің ақшаңызды ала алады. Өкініштісі сол, ақшаңызды ұрлап алған ол алаяқты ұстау оңай емес. Жәбірленуші бір елде, ал алаяқ мүлдем елде болуы мүмкін. Мысалы, Украина аумағында қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған ірі call-орталық мүшелері ұсталды. Интернет-алаяқтық Қазақстанда 10 есеге өсті. Барлық киберқылмыстардың 90% -ын интернет-алаяқтықты құрап отыр.