Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРУДЫҢ 14 ФАКТІСІ ТІРКЕЛГЕН

c 16:20, 29/08 c 48

Қаржы пирамидасы - бұл кейбір қатысушылардың кірістері басқа қатысушылардың ақша құюы арқылы қалыптасатындай етіп құрылған экономикалық схема. Кез келген пирамиданың өмір сүру ұзақтығы шартты түрде бірнеше аптадан 2-3 жылға дейін жетеді. Соңғы 3 жылда БҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментіне ҚР ҚК 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құрудың және оған басшылық етудің 14 фактісі тіркелген. Оған 3 мыңнан астам салымшы қатысқан. Биыл 100-ге жуық адамнан айласын асырған «World Money» Өзара көмек қоры» қаржы пирамидасының жетекшісіне қатысты іске нүкте қойылды.

НҰРБОЛ РАХМЕТОВ

БҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жуырда «Life is Good» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық ісі бойынша соттың айыптау үкімі шықты. Осы істің аясында қылмыстық жолмен, яғни аталған пирамидадан алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша эпизод анықталып, сот үкімі бойынша қылмыскерге қосымша айып тағылған. Мамандар қаржы пирамидаларының өркендеуіне халықтың экономикалық сауаттылығының төмен деңгейі ықпал ететінін айтады. Тәуекелге барып, қаражатын өсіммен алуға үміттенеді.

НҰРБОЛ РАХМЕТОВ

БҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

ҚР Қылмыстық кодексінің 217 және 217-1-баптары бойынша қаржылық пирамидаларды жарнамалау және оның қызметін жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Егер қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі туралы қандай да бір ақпаратты көзіңіз шалса, қаржы мониторингі жөніндегі органдарға хабарласыңыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.