0:00 / 0:00
"ЖайықЖылуҚуат" Акционерлік Қоғамдығы қарыздарын жинауда. Бүгінде тұрғындар мекемеге 697 млн теңге қарыз болса, дүкен, кәсіпорындар мен басқа да бизнес нысандар 40 млн теңгесін қайтармай отыр. Осылайша, "Жайық Жылу қуат" «КазТрансГазАймак» акционерлік қоғамдығына ақшаларын қайтара алмай отыр. Қамшының бір ұшы тұрғындарға да тиіп, бұқара халық бүгінде ыстық сусыз қалды. Бүгінде «Жайық Жылу Қуат» Акционерлік Қоғамдығының қызметкерлерінен 14 мобильді топ құрылған. Қарыз жинау қызметі «Қазпоштаға» берілгенімен, алашақтарын алуға осы мобильді топтар жұмылдырылған. Рейд барысында бірқатар мәселелер де туындағаны рас. Бірі есік ашпаса, тұрғындардың кейбірі тек пәтер жалдап тұратындарын айтып жатты. Ал қарызын қайтарудан үзілді-кесілді бас тартатындармен жұмыс істеу мүлдем қиынға түсті. Есік қаққан бойда берешектерін қайтарып жатқандар да табылды. Олар осыған дейін уақыт болмағандықтан ақша төлемегендерін сылтау етеді.
АЙГУЛЬ НҰРМҰХАНОВА
«Жайық Жылу Қуат» АҚ жетекші маманы
Кейбір тұрғындарға осылай үй-үйді аралап жүргеніміз ұнайды. Себебі кейбірінің шынымен уақыты жоқ. Тіпті өткен жылғы жылыту маусымынан қалған қарыздарын қайтарып жатқандар да бар. Бірі 5 мың, бірі он мың төлейді. Ал қарызы тым көбейіп кеткендер жартысын төлейді.
Тұрғындар болса, жаз маусымында ыстық сусыз қиын екенін айтып ашынады. Қарызға белшесінен батқандардың кесірінен неге өздерінің зәбір көріп отырғандарын да түсінбейтіндері рас. Ал ыстық судың айырылуының басты себебі - тұрғындар қарызы. Жылыту мекемесі «Қаз транс газ аймаққа» 704 млн теңге қарыз. Бұл берешектен олардың қашан құтылары әзірге белгісіз. Осындай рейдттердің көмегімен 3 күн ішінде тұрғындардан 7 млн теңге жиналды. Коммуналдықтар жылыту маусымына дейін қарыздың тым болмағанда жартысынан құтылуға үмітті. Ал коммуналдық төлемдерді төлемей отырған тұрғындар тіпті сот шешімінен соң да міз бағар емес.
ВЯЧЕСЛАВ СОЛОДИЛОВ
«Жайық Жылу Қуат» АҚ коммерциялық директорыБүгінгі күні біз жұмыс істейтін жеке сот орындаушыларында жалпы саны 123,5 млн. Теңгені құрайтын 2583 орындау жазбасы бар. Түсінетін адал адамдар бар болғанымен, қарызын қайтармайтындар да бар. Олармен жұмыстану қажет
Қазір тұрғындар 1 шаршы метр жылуға 144,5 теңге төдлейді. Алайда үйлерге жылу тарату үщін Жайық Жылу қуат мекемесі жылудың 1 шаршы метріне 218 теңге жұмсайды. Айырмашылықты жою енді тек екі тәсіл арқылы ғана мүмкін: ол тарифті көтеру не болмаса субсидия бөлу мәселесін үкімет деңгейіне көтеру.