Батыс Қазақстан облысының аумағында 20-шы сәуірден бастап тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция басталды. Ерікті түрде қару-жарағын тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі. Осы мақсатқа бюджеттен 1 млн. 951 мың теңге бөлінген. Сыйақы мөлшерін анықтау кезінде атыс құралдарының техникалық жай-күйі ескеріледі. Акцияның бірінші күні екі қару ерікті түрде тапсырылды.