0:00 / 0:00
Оралда қаласында 3 кәріз құбырының құрылысы жалғасуда. Жалпы құрылыс жұмыстары 2022 жылға дейін жобаланған. Мердігер компания өкілдері биыл бір құбырды тапсырамыз,- дейді.
Осыдан он шақты жыл бұрын салынған кәріз құбырлары биыл ауыстырылып, жаңадан құбыр салу жұмыстары басталды. Құрылыс үш жылға, яғни 2020 жылға дейін жоспарланған. Мердігер компания өкілдері биыл қысқа дейін бір құбырды жаңалап, тапсырамыз деп отыр. Жалпы кәріз желісінің ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Құбырларды салу үшін 3 млрд 133 млн теңгедей қаражат бөлінген.
Және Орал қаласында айналма қысымды кәріз құбырын қайта жаңарту басталған. Бұл үшін қазынадан 1 млрд 115 млн теңге қарастырылыпты. 5 шақырымдық құбырды мердігер компания салуы шарт.
Естеріңізге сала кетейік, Шолохов көшесіндегі құбырлар осыдан он шақты жыл бұрын салынған еді.