Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӘРІЗ ИІСІНЕН ТҰРҒЫНДАР ТЫНЫСТАЙ АЛАР ЕМЕС

c 12:34, 26/06 c 55

0:00 / 0:00

Циалковский 6/1 мекенжайында орналасқан үйде кәріз жүйесі жиі істен шығады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған тұрғын үйдің кәріз құбырлары ескіріп, жертөлесі нәжіске толған. Қолқаны қапқан иістен әбден мезі болған жұрт 2 аптадан бері қолаңса иістен қорлық көріп жүр.

Пәтер иелері тұтыну кооперативі төрағасының айтуынша, өткен жылы кәріз жүйесі құбырлары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жүргізілген. Мәселенің түп тамыры кәріз құдығында. Яғни құдық қабырғасы құлап, бітеліп қалған.

«Батыс Су Арнасы» хатқа үн қатып, мамандарын жіберетін болса, ПИК қызметкерлері жұмысты соңына дейін жеткізуге дайын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.