0:00 / 0:00
Мекеме қызметкерлері 725 жалғызбасты қарияға көмек қолын созып келеді . Соның 29-ы мүмкіндігі шектеулі жан. Мекеме қызметін алатындар қатарында ҰОС ардагерлері мен тыл қызметкерлері бар. Ал Батима кейуананың үйіне әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет келеді екен. Үй шаруасын жасап, қоқыс қалдықтарын шығарады. Дәл осы көрініс 23 жыл бойы қайталанып жатыр. Әжей орталыққа 1998 жылы тіркеліпті.
Қариялар- асыл қазынамыз. Олардың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері еш ұмытылмайды. Мемлекет тарапынан қарияларға қолдау да артып келеді. Шаһарда қазан айы бойы қайырымдылық айлығы жоспарланған. Айлық аясында халықтың әлеуметтік қорғауды қажет ететін ерекше санатына арналып түрлі іс-шаралар легі әзірленген. Атап айтқанда, күзгі-қысқы азық-түлікпен қамтамасыз етуден бастап, аула тазалау және үй-жайларын жинау, сенбілік ұйымдастыру көзделген.