0:00 / 0:00
Орал қаласында кәріс этномәдени бірлестігінің өкілдері шаһар тұрғындарына саябақ тарту етті. Аталмыш демалыс орны Сергей Тюленина көшесінде бой түзеген. Оралдықтарға ерекше сый жасаған кәріс этно-мәдени бірлестігінің өкілдері бұған дейін "Қазақ халқына мың алғыс" атты ескерткіш орнатқан.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерей тойында қасиетті қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері тарту жасап, мерекені айшықты атап етуді мақсат тұтқан. Осындай сыйдың бірі Сергей Тюленин көшесінде бой түзеген саябақ. Тынымбақты кәріс этно-мәдени бірлестігі сыйлап отыр.
Саябақтың өзіндік мазмұны бар. Ол бес бөліктен тұрады. Бес бөлік жер аударылып келген кәріс ұлтының бастан кешкені туралы сыр шертеді. Тарихтан белгілі болғандай кәріс ұлты 1937 жылы Қазақстанға жер аударып, содан бері бір шаңырақ астында өмір сүріп, кәсіп ашып, ұрпақ өрбітіп отыр.
Саябақтың тағы бір ерекшелігі денсаулық жолағы бар.
Үйлерінің қасынан саябақ бой түзеген тұрғындар жаңашылдыққа шын жүректен қуанып, ризашылықтарын білдіруде.
Су жаңа саябақты қалалық әкімдік күтіп ұстайтын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай этно-мәдени бірлестік өкілдері Оралда бір-бір саябақты сыйға тартуды жоспарлап отыр.