Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаражарлықтарға жаңа мектеп пен жол керек!

c 09:57, 17/09 c 35

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Қаражар ауылының тұрғындары бастауыш мектеп пен шағын орталықты жаппауды сұрайды. Переметный ауылдық округінің іргесінде орналасқан елдімекенде 200-ден астам тұрғын өмір сүреді. 10 бала осы білім ошағында оқиды. Тұрғындар жібі түзу жолдың жоқтығынан көп зардап шегіп отыр.

Қаражар ауылының мектебі сонау 1958-1959 жылдардан бері жұмыс істейді. Ал 1966 жылы қосалқы ғимарат пайдалануға беріліпті. 65 жыл болған мектепте қазір 10 бала оқиды. Білім ошағында шағын орталық жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары мектеп пен орталық бала санының аздығына байланысты жабылуы мүмкін деген үреймен өмір сүруде. Білім ошағы апатты жағдайда. Қыста суық. Ғимаратты көмірмен жылытады.

Қаражар Переметный ауылынан 6 шақырым қашықта орналасқан. Жібі түзу тас жолдың жоқтығынан тұрғындар жыл он екі ай бойы жол азабын тартуда. Әсіресе, ауылдық ағайынға балшық пен боранда қиын.

Ауылдың негізгі тірегі -мектеп. Білім ордасы жабылса ауыл да қаңырап бос қалады. Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қаражардағы мектеп пен орталық жабылмайды деп хабарлады.

2019 жылы Қаражар мен Переметный тас жолына қиыршық тас төселіп, аз-маз жөнделіпті. Аудан орталығының әкімі биыл осы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда деп хабарлады. Жөндеу жұмыстарының құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.

Қаражар ауылының тарихы тереңде. 1850 жылы елдімекеннің негізі қаланды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының дені ата кәсіппен айналысып, күн көреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.