0:00 / 0:00
Елдегі төтенше жағдай және карантин кезінде ережелерді сақтамағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан бас прокуроратурасы бүгін осындай үндеу таратты. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің талабын орындамағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өдеріңізге мәлім наурыздың 1-нан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын карантинге жабылады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамды құрады. Оның 17-сі Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр. Жалпы 18 наурыздағы жағдай бойынша, COVID-19 вирусы әлемнің 154 еліне тарады. Індетті жұқтырғандар саны - 197 139, осы аурудан көз жұмғандар 7916 адамды құрады. Әлем бойынша 81 738 адам жазылып шықты.
Қауіпті індет елімізде бүгін тағы тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің мәліметінше, Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамды құрады.
Ал Бас прокутартура үндеу таратты. Онда қауіпті індетке орай елде жарияланған төтенше жағдай және карантин барысында бекітілген ережелерді сақтамағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Тәртіптке бағынбағандарға 10 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 мың АЕК айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылады. Ал мемлекеттік органдар және жеке кәсіпорындар қашықтан жұмыс істеу немес қысқартылған жұмыс күні режіміне көшуі тиіс . Бұл орайда қашықтықта жұмыс істеген қызметкерлердің жұмыс орнында отырғандай жалақысы сақталып қалуы тиіс деді еңбек министрі.
Президент Қасмы-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуі режіміне ауыстыру туралы тапсырма берген болатын. Бұл орайда бірінші басшылар яғни министрлерге жұмыс орнында тырп етпей жұмыс істеуге тура келеді.
Ал 19 наурыздан бастап елордасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылып, кіріп-шығуа шектеу қойылады. Екі қалаға карантин енгізіледі деген хабар тарағалы, теміржол қатынасына билет алған жолаушылар даурығып жатыр. Вокзал кассаларында ұзын-сонар кезек. Азаматтар поезд қозғалысы тоқтай ма, жоқ па деген сұраққа жауап ала алмауда. ҚТЖ хабарлауынша, бір тәулікте 80 мың билет қайтарылған.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскері стратегиялық және мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды бақылауға алады. Патрульдер, жаяу әскер - бәрі осы нысандарға жақындатылады.