0:00 / 0:00
Карантинде кәсібін өзгерткендер саны артып келеді. Мемлекет тарапынан демеу қаржыға қол жеткізетіндер қатарындағылардың дені рестораторлар болып отыр. Өйткені, жылға жуық уақыт есіктерінде құлып тұрған банкет залдары біртіндеп өзге кәсіпкерлік субъектілеріне айналып, жұмыс орындары қайта ашылуда.Карантин көп кәсіпкердің кәсібін тұралатты. Әсіресе рестораторлар бір жылдан бері шығынға шаш етектен батуда. Облыста 100- ден аса банкет залдары мен мейрамханалар болса, олардың 70 пайызы бүгінде жабық тұр. Иелері бірнеше мәрте жұмысын жалғастыруға рұқсат сұрап әкімдіктің есігін қаққанымен эпидемиологиялық ахуалдың жақсармауына байланысты кәсіпті кері жаңғыртуға рұқсат берілген жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп кәсіпкерлер жұмыстарын өзге бағытқа ауыстыруды қолға алды. Осы орайда тығырықтан шыққан кәсіп иелері де баршылық. Олардың жұмысы халыққа аса керек екенімен ерекшеленеді. Яғни өзге кәсіп көзіне айналған нысандар иелеріне мемлекет жалға алу ақысын төлеп береді. Ол мейрамхананың орналасқан ауаданына және жай-күйіне байланысты таңдалады. Шамамен бір шаршы метр ауданға қарастырылған демеу қаржының көлемі - 2000-2500 теңге аралығында. Яғни 3 жылға дейін мемлекетпен екі жақты келісімшарт жасалады. Естеріңізге сала кетеміз, өңірде мониторингтік топ күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Енді тұрғындардың көп жиналған орындары мобильді байланыс арқылы анықталып, олар әкімшілік жазаға тағайындалатын болады.