0:00 / 0:00
Қалалық ауруханадан қосымша 200 орындық кереует дайындалды. Өйткені дерт дендеп, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен халықтың қарасы көбейген. Бұл туралы коронавирусқа қарсы облыстық жедел штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді. Қанша жерден дертке қарсы күрес шаралары жүріп жатқанына қарамастан ауру жұқтырғандар күн санап артып барады. Мониторингтік топтың сенбі-жексенбі күндері және кешкі уақытта тексеру жүргізетінінен құлағдар халық көпшілік жиындар мен той-томалақты күндізгі уақытта ұйымдастыруға әбден дағдыланыпты. Осы орайда мониторингтік топтың құрамына қоғам белсенділерін тарту қажеттігін атап өтті облыс әкімі Ғали Есқалиев. Нақты шараларды тез арада жүзеге асыру туралы қала әкімі Абат Шыныбековке тапсырма берілді. Коронавирусқа қарсы облыстық жедел штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков аймақта індет жұқтырғандар саны он тоғызыншы сәуірде 237-ге жетіп, төрт білім ошағы түгелдей карантинге жабылғанын мәлімдеді. Өңір вакцина алу көрсеткіші бойынша республикада екінші орында тұр. Яғни екпе алуға ниет танытушылар қатыры көп. Препараттың тағы бір партиясы осы аптаның аяғында келуі тиіс. Бүгінде облыстың барлық аудандарында екпе алу кабинеттері жасақталған. Сондықтан екпе алғысы келетіндердің барлығына емхана арқылы кезекке тіркелу қажет. Жиында сондай-ақ "Ashyq" мобильді қосымшасы туралы да мәліметтер айтылды. Мобильді қосымша алдағы дүйсенбіден бастап қызметін жандандырады. Жиын соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев егер осы аптада КВИ науқастарының төмендеуі тіркелмесе, біз шараларды күшейтеміз. Мемлекеттік органдарға, жедел штаб мүшелеріне коронавирусқа қарсы күрес бойынша жаңа ұсыныстар мен әдістерді енгізу қажет, - деді Ғали Нәжмиденұлы.