Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шаралар жұмсартылды

c 14:53, 17/08/2020 c 370

0:00 / 0:00

БҚО-да карантин жеңілдетілді. Осы өзгеріске орай, нысандардың жұмыс уақыты белгіленді. 16-тамызда БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері М.Арыспаевтың Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын жұмсарту бойынша жаңа қаулысы шықты. 17 тамыздан бастап күшіне енетін қаулыда бұған дейін белгіленген бірқатар шектеулердің сақталып, біраз нысандардың жұмысына рұқсат берілетіні көрсетілген. Сондай-ақ жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер бар. Осы орайда Оралдағы ірі сауда орындарының бірі - "Сити центр" сауда ойын-сауық орталығы да өз тұтынушыларына есігін айқара ашты.«Сити центр" сауда ойын-сауық орталығындағы кәсіпкерлер біртіндеп өз қызмет орындарына оралып, тұтынушылар сұраныстарын өтеуге кірісіп кеткен. Сағат 10-нан бастап жұмысына қайта кіріскен бизнес субъектісі нысанының аумағына келушілердің дене температурасы тексерілгеннен соң ғана кіруге рұқсат берілуде. Себебі аумағы 2000 шаршы метрден асатын «Сити центр ойын-сауық орталығы» карантиннің қазіргі талабына толықтай сәйкес келеді.Карантин режимінің жеңілдетілгеніне сатушылар ерекше қуанғанын айтады. Сауда орнынан нәпақасын тауып отырған олар жағымды жаңалықты ести сала, жұмыс орындарына асығыпты. Жоғарыда айтқанымыздай, Орал қаласының ірі сауда орталықтарына тұрғындар санитарлық талаптары сақтап ғана аяқ басқаны жөн. Дегенмен көпшілік көңіл көтеретін сауық кешендерінің жуық арада толықтай ашыларына сеніммен қарайды. Бірнеше айдан бері үйінен шықпаған оралдықтар дүкен аралап, кинотетрларға барғысы келетінін айтып қалды.Тұрғындар бекітілген ережелерге түсіністікпен қарайды. Себебі аты жаман індетті тәртіпке бағыну арқылы ғана жеңеміз, -дейді олар. Осы орайда «Сити центр ойын-сауық орталығының кіреберісінде антисептик қойылған, бетпердесіз нысан аумағына аяқ баса алмайсыз. Сондай -ақ, әр кәсіпкер өз бутиктеріне сантиарлық құралдарды орналастырған. 3 адамнан артық жиналуға болмайды. Сауда орындары іnfoKazakhstan.kz cайтынан электрондық форматта берілген санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде қызметін жандандырды.Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілгендей, облыс аумағында банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды) өткізуге тыйым салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.