Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шаралар жеңілдетілді

c 18:00, 13/05/2021 c 678

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстанда 15-ші мамырдан бастап блокбекеттер алынады. Оған қоса түнгі уақытқа қойылған шектеулер де күшін жояды. Жаңа қаулы жексенбіден бастап күшіне енеді. Бұл туралы бүгін облыстың бас санитар дәрігері Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.Осыған дейінгі енгізілген қатаң шаралар нәтижесін берген. Екі апта ішінде аурушаңдық бірнеше есеге төмендепті. Алайда карантиндік шектеулер әлі де болса сақталады. Жаңа қаулыға сәйкес мемлекеттік мекемелердің 80, ал кәсіпорындағы жұмысшылардың 50 пайызы қашықтан жұмыс жасауы тиіс. Екпе алған сәттен бастап талап өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы осы уақытқа дейін жұмысын тоқтатқан банкеттік залдар толымдылығы 30 пайызбен іске қосылса, боулинг және компьтерлік залдар да жұмысын жалғастыратын болады. Ескерте кететін бір жағдай- пилоттық жоба бойынша жұмысына рұқсат берілген банкеттік залдарда той, садақа сынды көпшілік шараларды ұйымдыстыруға рұқсат жоқ. Мұндай жағай тіркелетін болса, заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады.«Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс жауасуға 245 кәсіпкерлік объектісі өтініш жолдап, QR кодтар берілген. Олардың 17-і фитнес зал, 6-ы кинотеатр мен 198- қоғамдық тамақтану орны. Және 13 сауна мен 4 болулинг, қалғаны биллиярд залдары. 21 жаңа өтініш комиссиямен қаралуда.Айта кеткен жөн, аурушаңдық облыста соңғы аптада 7,5 пйызға азайған. Кеше өңірде 98 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.